Мемлекеттік сапармен Астанаға келген Уильям Самоэй Рутоны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қарсы алды.
— Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады.