Халықаралық қылмыстық сот прокурорларының нұсқасы бойынша, 2007 жылғы президенттік сайлаудағы жеңілістен кейін Кениата елде зорлық-зомбылық науқанын бастаған. Онда шамамен 1,5 мың адам қаза тапты.
Кениата Кениядағы 2013 жылғы наурызда болған президенттік сайлауда жеңіске жетті. Сондай-ақ ол Халықаралық қылмыстық сот тыңдалымдарына қатысуына байланысты өз өкілеттігін Кенияның вице-президентіне уақытша тапсырғанын жариялаған болатын.