Кения үкіметі 25000 медбикені жұмыстан шығарды

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Кения үкіметі 25000 медбикені жұмыстан шығарып жіберді. Бұл келеңсіз жағдай осынау африкалық мемлекеттегі медициналық мекемелерінің  жұмыс істеуіне аса ауыр тиіп отыр,

деп хабарлайды Лента. ру  Agence France-Presse -ге сілтеме жасап.

Кения үкіметі бұл шараға ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап, өз жалақыларын көтеруді талап еткен медбикелердің наразылығына байланысты барып отыр.  Ал жалақыны көтеруге шенеуніктер уәде берген болатын. 

Қазіргі уақытта мемлекеттік ауруханалар қалыпты жұмыс істеуден қалды. Сан жүздеген клиенттер, персоналдардың жоқтығынан  қабылдауға  кіре алмауда.