Кенияда 60-тан астам адам ішімдіктен уланып, көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияда 60-тан астам адам сапасыз алкогольден уланып, көз жұмды, деп хабарлайды БиБиСи.

Ондаған адам ішімдікті ішкеннен кейін көздері көрмей қалғандарын айтып шағым түсіре бастаған. Олар этил спиртіне ұқсас келетін метанолмен уланып қалғандығы анықталды. Аталған сұйықтықтың салдарынан Эмбу, Китуи, Лимуру, Киамбу облыстарының тұрғындары жан тапсырған. Зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз. Жергілікті билік анықтау үстінде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұндай ішімдік Кенияның көп жерлерінде қолдан жасалып келеді, себебі лицензияланған ішімдіктерді алуға тұрғындардың мүмкіндіктері бола бермейді.