Кенияда алып азуы бар ең соңғы пілдердің бірі өлтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кениялық браконьерлер Сатао II атты Африкадағы алып әрі қарт пілдердің бірін өлтірді. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Жануардық денесін Кенияның оңтүстігіндегі Цаво ұлттық паркінің аумағынан әуемен бақылағанда байқап қалған. Пілді улы оқпен атып өлтірген. Оны өлтірген екі браконьерді ұстап, тұтқындаған.

Сатао II-нің жасы 50-де. «Ол бірнеше құрғақшылықты бастан өткеріп, басқа да браконьерлердің шабуылынан аман қалған еді», - деп атап өтті Tsavo Trust коммерциялық емес ұйымының өкілі Ричард Моллер.