Оқыс оқиға сенбі күні таңертең ел астанасы Найроби қаласынан 120 шақырым қашықтықта Кенияның орталық бөлігіндегі Гилгил қаласында болған. Полицияның ақпараты бойынша, автобус басып озбақшы болғанда екі жүк көлігімен соқтығысқан.
«Бізде бүгін таңертең алапат апат болды, соның салдарынан 18 адамды жоғалттық», - деп мәлімдеді полиция бастығы Хассан Баруа (Hassan Barua).
Тағы бір автобус жолаушысы ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ бірнеше адамның ауруханада жатқандығы хабарланды.