Кенияның Денсаулық сақтау министрлігі 17 қазанда хабарлағандай, жаңадан вирус жұқтырғандардың арасында Эболадан қайтыс болған алғашқы науқастың жақын туысы және оған ауруханада медициналық көмек көрсеткен үш медицина қызметкері бар.
Бұл туралы Кения Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бас директоры Патрик Амоттың мәлімдемесінде айтылған.
Елде аурудың халық арасында таралуына жол бермеу шаралары күшейтіліп жатыр.
Еске салайық, Кенияда Эболадан қайтыс болған алғашқы науқас Конго Демократиялық Республикасында тұрған осы елдің азаматы болған. Ал Конго Демократиялық Республикасының шығысында аурудың бұрын-соңды болмаған ауқымдағы өршуі жалғасып жатыр.
Айта кетелік Эбола індеті Конгоның жеті провинциясына тараған еді.