оның қылмысқа не үшін барғаны әзірге белгісіз. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлап отыр.
Әзірше белгілі болып отырғаны, сенбі күні кешқұрым 40 жастағы полицей өзінің көңілдесін іздеуге шыққан, бірақ таба алмайды. Содан кейін ол әлі анықталмаған себептерге байланысты екі барда бір-бірден адамды атып тастап, үшінші сыраханада 8 адамды қанға бөктірді.
Сиакаго қаласы Кенияның астанасы Найробиден 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта жергілікті полиция қанды қырғынның себеп-салдарын анықтау үстінде.