Тамыз айында өткен сайлаудың нәтижелерін елдің Жоғарғы соты жоққа шығарған болатын. Қыркүйек айының басында Кения билігі екінші рет сайлау өткізілетіні туралы мәлімдеген. Содан бері елде тәртіпсіздіктер үдей түсті.
Тамыздағы сайлау қорытындыларына қарсы шығып, оны жоққа шығаруға қол жекізген оппозиция басшысы Райла Одинга жақтастарын бұл жолғы сайлау күні үйде қалуға шақырғанына қарамастан, олардың кейбірі сайлау учаскелерінің алдына жиналып, наразылықтарын білдірді.
Қатаң қарсылықтардың туындауына байланысты Кения Сайлау және шекара жөніндегі тәуелсіз комиссиясы кей өңірлерде сайлауды тоқтатуға шешім қабылдады. Жалпы, 40 883 сайлау учаскесінің 5 319-ының жұмысы тоқтатылды.