Бұл туралы жексенбі күні денсаулық сақтау бас директоры Патрик Амот хабарлады.
— Бүгін 38 адам тексерілді, олардың бірінде Эбола вирусы анықталды, — деді Амот Кенияның Citizen TV арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, науқас 49 жаста және медицина қызметкері емес. Оның дене қызуы көтеріліп, басы, бұлшықеттері ауырған.
Амоттың айтуынша, науқастың өзі пациенттерді күтуші болып жұмыс істеген, ыдыс-аяқ пен төсек жаймаларын жуған. Ол Кениядағы Эбола вирусының алғашқы жағдайымен байланыста болған деген болжам бар. Осы айдың басында Конго Демократиялық Республикасынан Найробиге келген ер адам 5 қазанда ауруханада қайтыс болды.
Кения Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің мәліметінше, сегізінші науқаста алғашқы симптомдар сенбі күні пайда болған. Ол карантиндегі басқа адамдардан оқшауланған, ал жексенбіде тестілеу жүргізіліп, инфекция расталған.
Кения билігі індет аймақтан тыс жерлерге таралғандықтан, қоғамдық денсаулық сақтау шараларын күшейтті. Нақтырақ айтқанда, Угандамен арадағы Бусиа шекара бекетінде қосымша шаралар қабылдануда.
Ал Конго Демократиялық Республикасында жексенбі күні індет елдің сегізіншісі провинция — Солтүстік Убангиге таралғаны расталды. Бұл аймақта індеттің өршуіне қатысты алаңдаушылықты күшейтті.
Еске сала кетейік, кеше Кенияда Эбола вирусын жұқтырғандар саны жеті адамға жеткен болатын.