Бұл туралы сенбі, 21 қазанда Daily Nation хабарлады.
Құқық қорғау органдарының өкілі Джошуа Омуката бұл оқиғаны растады. Алдын ала деректерге қарағанда, ондағы жолаушылар - шараға бара жатқан журналистер.
Басылымның атап өтуінше, тікұшақ Накуру ұлттық паркінде орналасқан Jarika County Lodge қонақүйнен ұшып шыққан. Құлар алдында ол төмендей ұшқан көрінеді.
Оқиға орнына тағы бір тікұшақ аттандырылды. Қазіргі уақытта құтқару операциялары жүріп жатыр.