Шараның өтуіне өткен аптада болған оқиға түрткі болған. Онда бірнеше ер адам автобус аялдамасында тұрған әйелдің юбкасы тым қысқа деп оның киімін жыртқан. Бұл көрініс бейнеленген видео ғаламторда жарияланды.
Шеруге қаитысушылар оқиға орын алған автобус аялдамасына гүл шоқтарын қойып, кейін Кенияның Жоғарғы соты ғимаратының алдында шеру ұйымдастырған. Куәгерлердің айтуынша, бір топ ер адам акцияның өткізілуіне кедергі жасамақ болған.