Кениялық жастар қызды сүндетке отырғызуға қарсы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кениялық бес бойжеткен қыз баланы сүндеттеумен күресетін қосымша ойлап тапты, деп жазады Инстаграмдағы techchal парақшасы.

i-Cut деп аталатын қосымша сүндетке отырғызу діни шарасының құрбаны болған қыздар үшін заң және медициналық көмекті қолжетімді ете алады. Аталған бағдарламаның нәтижесінде елде тыйым салынған қыз баланы сүндеттеу оқиғаларын анықтауға мүмкіндік ашылады.

Қызды сүндеттеу Кенияда тыйым салынғанымен, жергілікті халықтың діни және мәдени себептері бойынша ел ішінде жиі кездеседі.

Айта кетейік, i-Cut қосымшасын ойлап табушы бес бойжеткен Калифорнияда өтетін Technovation Challenge халықаралық конкурсына қатысып, қосымшаның маңыздылығын көрсетпек.  

Female genital mutilation (FGM) has no place in this world. #WorldPitch team Restorers from Kenya is determined to restore hope to FGM victims and future girls to come.

Публикация от Technovation (@techchal) Июл 31 2017 в 4:43 PDT