Эрнест Хэмингуэй тырнақалды әңгімесіне қалам тербегенше, оның анасы өзінің ұлы туралы тұтас бір кітап жазып шыққан. Бүгінде Джон Кеннеди атындағы кітапхананың арқасында 40 жыл бойы арнайы қоймада сақталған, теріден түптелген 5 альбом әлеуметтік желілерде қолжетімді болмақ.
Онда жас Хемингуэйдің күнделікті тірлігін суреттейтін бірегей материалдар қамтылған. Альбомдар суреттерден, Хемингуэйдің балалық шағындағы айтқан сөздерінен, оның өзі салған суреттерінен, анасының хаттары мен жазбаларынан тұрады.