Барлығы тығыз күн тәртібі мен дұрыс тамақтануға уақыттың жетіспеушілігінен. Кеңсе қызметкерлерінің 80 пайызы түскі ас кезінде денсаулыққа зиянды азықтармен тамақтанады. Эволюциялық механизмдерге сәйкес адам аса майлы және жоғары калориялы тамақтарды қиын жағдайларда қажет етеді. Ал егер жұмыс тым көп болып жатса, қызметкерлер түскі асқа шықпай-ақ фасфудқа тапсырыс бере салады.
Facebook қызметкерлерінен сұрастыру барысында оларды фирманың тегін тамақтандыратындығы абыржытатын көрінеді. Оларды күніне үш рет тамақтандырады екен, сонымен қатар тамақты кез келген уақытта жеуге болады. Бұл тамақты тойып жеуге алып келеді. Және қызметкерлер кеңседе күнде тапжылмастан отырып жұмыс жасайды. Бұлардың барлығы семіздікке алып келеді.