Кеңседе кеш батқанша отыратын қызметкерлер семіздікке душар болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар ескертеді: еңбек уақыты қалыпсыз кеңсе қызметкерлері жылдар өте келе семіздікке шалдығуы бек мүмкін, деп жазады The Times of India.

Шынтуайтына келгенде, кеңседегі қызметкерлер негізінен денсаулыққа зиянды фаст-фудтарды жиі жеп тұратын көрінеді. Соның кесірінен кеңседен шықпай қоятын еңбекқор қызметкерлердің 4/1-і тамақтану режимін бұзады.

Fruyo компаниясының жүргізген сауалнама көрсеткеніндей, адамдардың 37 пайызы жұмыста тоқаш жейді, 32 пайызы шоколадтан ауыз тигізгенді ұнатса, 30 пайызы чипсыға келгенде бас тарта алмай қалады.

Адамдардың басым бөлігі зияны көп тағамдарды компьютердің алдында отырып, көп жейтіндіктерін мойындаған. Бір қызығы, негізінен тіскебасарды қарны ашқаннан емес, іш пысқаннан жеп отыратындықтары да анықталып отыр.

Сауалнамаға қатысқандардың 41 пайызы жұмыстың аздығынан тамақты көп жеуге тура келеді десе, 30 пайыздан астамы денсаулыққа зиянды тағамдарға құмартқандықтан солай істейтіндерін көрсеткен. Бұған тағы стресті де қосыңыз. Өйткені адамдардың 20 пайызы зиянды тіскебасарларды қатты ашуланған сәтте жейтіндіктерін айтып отыр.