Бірегей эскпериментке 24 ерікті адам қатысты, олардың барлығы түрлі жағдайда жұмыс істеген. Зерттеу 7 күнге жалғасты. Мамандар еріктілердің жұмыс жағдайын, сондай-ақ олардың дұрыс шешімдерді қабылдау қасиетін бағалады.
Зерттеу барысында егер кеңседе ауаның ластану деңгейі төмен болса, оның қызметкерлері жақсы жұмыс істеп, берілген тестілерден 61 пайызға табысты өтетіні анықталған. Ал егер жұмыс бөлмесінде көмірқышқыл газдың деңгейі де төмендетілсе, көрсеткіштер 101 пайызға дейін өскен.
Таяуда жасалған зерттеу кеңседегі өсімдіктердің адамдардың өздерін жақсы сезінуі мен еңбек өнімділігіне әсер ететінін көрсетті.