Кеше, 21 сәуір күні 14.00-де «АрселорМиталл Темиртау» АҚ көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасындағы жұмыс қайта қалпына келтірілді.
Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, №312 Д-6 «Запад» штрегінде газдан тазарту жұмыстары жүргізілген, құлаған тау жыныстары шығарылған. Апат салдарын жоюға ҚР ТЖМ «Көмір» және Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің адамдары мен техникалары жұмылдырылған.
Еске сала кетсек, 20 сәуірде сағат 17.10-да «Казахстанская» шахтасында тау жыныстары опырылып құлаған болатын. Осында жұмыс істеп жатқан 4 адамның үшеуі жоғарыға шығарылды. Ал сағат 09. 55-те құтқарушылар кен тастары басып қалған машинист, 1962 жылы туған С. А.. Сухиннің мәйітін алып шықты.