Бұған қоса шағын экскаватор мезгіл сайын жолдарды аршып, жүріп-тұруға ыңғайлы етуде. Ал құтқарушылардың көмегімен кейбір аса ірі емес тастар орнынан алынуда.
«Кеше ойық түбіндегі экскаваторлар жалпы көлемі 45 текше метр топырақты қазып шығарды. Гидравликалық балғасы бар экскватор шағын көлемді тастың 60 пайызын ұсақтады. Тасты уату жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылар электрлі пневмо құралдарын пайдаланып, кей тастарды қолмен аршуда. Ойық шетіндегі топырақ әлі де құлап жатыр» деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия нәтижелерін жариялады.