Кентау қаласында тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесіне орай Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының тұрғындары зор қуанышқа бөленді. Ескі Иқан және Шаға ауылдық округтерінде жаңа тұрғын үйлер тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып, пәтерлердің кілтін салтанаты түрде тапсырды. Ескі Иқан ауылдық округінде 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үй өз қожайындарын тапса, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында да 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің кілті берілді. Осылайша Кентауда жалпы саны 30 пәтерге тұрғындар қоныстанды.

 Қызметтік үйлердің кілтін алып, қуанышқа бөленген жергілікті халықпен өзара әңгімеде Жансейіт Қансейітұлы мұндай баспаналардың осынау мейрам қарсаңында облыстағы көптеген азаматқа, нақтырақ айтсақ 300-ден астам тұрғынға табысталған жеткізді. Халықты баспанамен қамту жұмыстары бұдан әрі де жалғаса беретінін айтқан әкім үйлердің құтты қонысқа айналуына тілектестігін білдірді.

  

Соңғы жаңалықтар