Аталған жол - Жамбыл облысы және Созақ ауданы мен Кентау қалаларын облыс орталығы Түркістан қаласымен жалғайды. Сондай-ақ Кентау қаласынан Түркістан халықаралық әуежайына тікелей баруға мүмкіндік бар.
Жобаға сәйкес жолдың 26 шақырымына асфальт жабындысы толық төселген. Ұзындығы 100 метр көпір қайта жөндеуден өтіп, 4 жерге мал өткелі мен 27 жерден су өткізгіш құбырлар салынған.
Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 331 дана жарықшам орнатылған. Сонымен қатар 6 аялдама және елді мекен атаулары, тиісті жол белгілері мен жол таңбалары сызылған.
Қазіргі таңда жол пайдалануға берілгеннен бастап Түркістан қаласы мен Кентау қаласы арасындағы көлік кептелісі едәуір азайып отыр.