Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіні ұстауға жергілікті тұрғындардың арызы негіз болған. Олар белгісіз біреудің Ресей Федерациясына апарып, жұмыспен қамтуға көмек беремін деп уәде еткенін айтқан. Сөйтіп 50-100 мың теңге аралығында ақша алып, артынша ізін суытқан. Осы қылмысты ашу мақсатында Кентау қаласының ПБ қызметкерлері жедел-тергеу іс-шарасын жүргізді.
«Жәбірленушінің айтуымен құрастырылып жасалған фоторобот негізінде жедел уәкілдер алаяқтың ізіне түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Осы жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды» делінген хабарламада.