ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Кентауда әлеуметтік желіге пікір жазған тұрғын аяусыз соққыға жығылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция бөліміне оң қолы кесіліп, қан тамыры зақымданған ер адамның ауруханаға түскені туралы хабар берілген.
«Жәбірленуші өз арызында танысы екеуі әлеуметтік желіге жазған пікірі үшін түсінбеушілік орнап, төбелесіп, салдарынан дене жарақатын алғанын жеткізген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бойынша тіркелді», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.