Жаңа зауыт м150-м450 маркалы бетондарды өндіреді. Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамдыжұмыспен қамтып отыр. Зауыт сағатына 3 текше метрлік 120 данабетон өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлікТүркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде. Кәсіпорында 15 HOWОкамазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-сорғы көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардыңбарлығы Түркиядан әкелінген. Серіктестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтудімақсат етіп отыр.
13:47, 22 Шілде 2019
Кентауда бетон зауыты іске қосылды
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін «Фахри СтройБетон» ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.