Кентауда имамдардың діни біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

Фото: None
АРЫС. Қазақпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында имамдардың діни біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті. Басқосуды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облыстық өкілдігі мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың басимамы Мұсабек Ақтамберді семинарды ашып беріп, елдегі қоғамдық және дінитұрақтылықтың маңыздылығына тоқталды. Тұрақтылықты сақтауда дінқызметкерлерінің ролі зор екендігін атап өтті. Қазақстанның тәуелсіздігінбаянды етуде, түрлі діни ұйымдардың құйтырқы идеологиясына қарсы тұруда,зайырлы қоғам принциптерін ұлықтауда аянбай еңбек етуге шақырды.

Облыстық «Дінмәселелерін зерттеу орталығы» басшысының міндетін атқарушы Медет Халықов «АбайҚұнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі дін мәселелері»тақырыбында ғибратты әңгімелерін айтып берді. Сонымен қатар, күнделіктіөмірімізде орын алатын діни мәселелерді құқықтық және діни тұрғыдан түсіндіріпберді.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» оңалту жұмыстарын жүргізу бөлімініңмеңгерушісі Мұрат Мұстафаев кереғар діни ағым ықпалынан сақтану жолдарын, олидеологияның ықпалына түскен азаматтарды дәстүрлі жолға бейімдеу тәсілдерінтереңінен түсіндірді.

Салиқалы семинар соңында Мұсабек Ақтамберді мешіт молдаларының сұрақтарына жауап беріп, өзбілімдерін ұдайы жетілдіріп отыруды, дін қызметкерлері арасындағы ауызбірлікпен ынтымақтастықты берік етіп ұстау қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар