Кентауда кен өндіру үшін барлау жұмыстары жүргізілуде

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен кен өндіру ісінің мамандары «Қызыл ата» кен өндіру орнында болып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кен барлау жұмыстарының алғашқы нәтижелері көңіл қуантарлық. Өйткені мыс, темір рудалары шығып жатыр. Қазіргі таңда кен орнында бұрғылау жұмыстары жалғасуда.
«Қызыл ата» кен өндіру жұмыстарын қолға алған «Айқараауыл» таукен компаниясы жұмысты тиісті деңгейде жүргізіп отыр. Бүгінгі таңда кен өндіру орнында 25 адам тұрақты жұмыс атқаруда. Қажетті техникалық жабдықтармен және көлік құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Алдағы уақытта жұмыс көлемі ұлғайып, жұмыспен қамтылатын адамдар саныда артпақ. Қалада кен өндіру жұмыстары қайта қолға алынды. Бұл өз кезінде қаланың экономикалық дамуына серпіліс беріп, жұмыссыздар саны төмендейтіні анық.

Соңғы жаңалықтар