Кентауда «Кітап көрме фестивалі» өтті

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты мектептерінің кітапханашылары мен оқушылары және Қазақ-түрік лицей оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Кітап көрме фестивалі» балалар шығармашылық үйінде өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кітап көрме фестивалінің мақсаты: Қазақстан Республикасының тәулсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, елге, жерге, деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тарихты бағалай алуға тәрбиелеу, жастардың патриоттық сезімін ояту.

Кітап көрме фестивалі төмендегідей бағдарламалар бойынша өткізілді:
1. Сахналақ көрініс: «Ұрпақтың ұмытылмас мәңгі ұраны, желтоқсан жүректерде жаңғырады!» №3-№10 мектеп оқушылары. 
2. Кітаптың тұсаукесері: «Елбасы және қазақ мемлекеттігі» № 24 мектеп кітапханашысы.
3. Баяндама: «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» №1 мектеп кітапханашысы, оқушылары.
4. Н. Назарбаевқа арналған кітап көрмесі, библиографиялық шолу: «Ғасырдың ғажап азаматы» №22-№16 мектеп кітапханашылары.
5. Мәнерлеп оқу сайысы: «Қазақстан бірлік пен татулық мекені» Қазақ-түрік лицей оқушылары және №2-№5-№17-№19 мектеп оқушылары.
6. Үздік оқырман сайысы: «Тәуелсіздігім - ендігімнің белгісі» Қашқари, Қарнақ, Шаш-төбе мектеп оқушылары.
7. «Мәңгілік Ел - біздің ұлы Қазақстан» кітап көрмесіне библиографиялық шолу №9-№12 және №23 мектеп кітапханашылары.
8. Интеллектуалдық ойын: «Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары» Қазақ-түрік лицейінің оқушылары.
Соңында қалалық білім беру бөлімінің басшысы А.Ауелбеков пен лицей директоры Ж.Ушақбаев үздік оқырмандарды марапаттап, фестивальді қорытындылады.