Кентауда жас жігіттің көлігінен 2 шолақ мылтық пен винчестер табылды

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Кентауда тұрғынның көлігінен 2 шолақ мылтық пен винчестер тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласының полиция қызметкерлері түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен күдік тудырған Mercedes автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары автокөліктің салонынан 3 атыс қаруын тапты.

Заттай дәлел ретінде алынған екі шолақ мылтық пен бір дана винчестер қаруы сараптамаға жолданды.

Аталған жайт ҚР ҚК 287-бабы бойынша тіркелді.

Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны, яғни жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Фото: polisia.kz