Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қала бойынша 6 көпқабатты және 40-қа жуық жеке сектордағы тұрғын үйдің жылу жүйесінде ақау болған.
Қазіргі кезде сол ақауды жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бұл іске 11 бригада мен техника жұмылдырылды.
Ал жылу энерго орталығында қазандықтар жұмыс істеп тұр.
«Қаладағы ауыз су мәселесі 100 пайыз шешімін тауып, ретке келтірілді. Дауылды желдің салдарынан қазіргі таңда қаладағы 6 көпқабатты және 37 жеке сектордағы тұрғын үйлердің жарығын қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оған 200-ден астам сала маманы мен 15 техника жұмылдырылып отыр» делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан алдын Кентауда қатты желдің салдарынан ғимарат шатыры ұшқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Кентаудағы жылу энерго орталық 10 минутқа өшіп қалды.