Ғимараттары мен жолы жөнделген ауылдың орталығынан "ДАҢҚ" аллеясы бой көтеріп келеді. Нысанның жалпы аумағы - 1100 шаршы метр. Гүлзардың төрінде "Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды" деген монумент салынды. Оған бүгінгі бейбіт өмір мен алаңсыз тіршілікті сыйға тартқан Соғыс ардагерлерінің есімдері жазылады.
Ауылдың бойына қайта қан жүгіртіп, көркіне көрік қосқан нысандар бұл ғана емес. Елбасының салауатты өмір салтын ұстану бағдарламасы аясында кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Оны салудағы мақсат -жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, халықты бұқаралық спортқа баулу.