ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов 100 жасқа толған Азтай Түкенбаеваның шаңырағына арнайы барып, кейуанаға құрмет көрсетті.
Көпбалалы ана, тыл және еңбек ардагері Азтай Түкенбаева 1924 жылы Хантағы ауылында дүниеге келген. Ғасыр жасаған кейуана 4 қыз, 3 ұлды өмірге алып келген. Қазіргі таңда 15 немере, 23 шөбере сүйіп отыр.
Жолдасы Аманқұл Түкенбаев та тыл ардагері. 75 жасында дүниеден өткен.
Қала әкімі Жандос Тасов ғасыр жасаған өнегелі өмір иесіне құттықтау хат пен арнайы сый-сияпат табыс етті.
Өз кезегінде ақ жаулықты ана қала басшысына алғысын айтып, ақ батасын берді. Елдің тыныштығын тілеп, ризашылығын білдірді.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.