ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Кентау қаласының тұрғындары Индира мен Гүлмира Тәжібаевалар дауыс беру үшін №37 учаскеге бірге келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз бақытты ұрпақпыз. Жаңа Қазақстанды құру жолында өз таңдауымызды жасау өз еркімізде. Бұл референдум биік белестерге бастайтындығына сенеміз», - дейді егіздер.
Индира бес баланың анасы. Гүлмира да бес ұл-қызды өсіріп отыр. Көп балалы егіз қыздар бюллетеньге белгі қойып, жәшікке салды.
Айта кетейік, ақтаулық Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атты үшем де алғаш рет референдумда дауыс берді.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.