Кентаулық фабрика жылына 16 миллионнан астам жұмыртқа өндіреді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Онда әуелі«Яссы-құс» фабрикасына аялдады. Шаруа қожалық 2016 жылы жұмысын бастаған.Негізінен жұмыртқа өнімін өндірумен айналысады. Фабрикада 18 адам тұрақтыжұмыспен қамтылған. Орташа жалақы 45000-50000 теңге аралығында. Қожалықта 4жұмыртқалайтын цех пен құрама жемсақтайтын қойма бар. Жобаның құны –198 млн. теңге. Қазіргі таңда голландиялық «Лабраун» породасынан – 50 мың дана тауықбар. Фабриканың айлық қуаттылығы – 1 350 000 дана жұмыртқа, ал жылына 16 200 000 дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы.


Қожалық жұмысыментанысқан облыс басшысы өнім көлемін арттыра түсіп, жұмыс орнын көбейту қажеттігінайтты. Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы Кентау қаласындағы құрылысы жаңаданбасталған 10 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.


Жобалаушы мекеме«Sunkar Byilding» ЖШС болса, бас мердігер: «Ныш Ер» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС,«Аль-Декей» ЖШС, «Құрылыс Молдашев Е» ЖК. Бес қабаттан тұратын он үйде жалпысаны – 600 пәтер бар. Олардың жалпы аумағы – 33 240 шаршы метр. Ағымдағы жылдыңмамыр айында құрылысы басталған нысандар 2020 жылдың маусым айында толықпайдалануға берілмек. Нәтижесінде 600 отбасы баспаналы болады.

Өз кезегіндеаймақ басшысы құрылысты уақытылы аяқтап, тұрғындарға тапсыру керектігін атапөтті.


Одан соң Кентауқалалық «Жастарға қызмет көрсету орталығының» ғимаратында облыс әкімініңтөрағалығымен жиын өтті. Кездесуде Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов «Кентау қаласының 2019-2022 жылдарға кешендідамыту» туралы баяндады. Сонымен қатар,мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы арқылы Кентау қаласын кешенді дамытужоспары таныстырылып, алдағы уақытта жүзеге асуы қаралды. Кентау қаласындағыатқарылып жатқан және алдағы атқарылатын жоспарлармен танысқан облыс әкіміӨмірзақ Естайұлы жоспарларды қолдайтынын атап, алдағы кездесуде жұмысты слайдарқылы емес, істің басында тұрып көрсетуді қолға алу қажеттігін ескертті.

«Кентау Түркістаноблысының орталығына шекаралас жатқандықтан Түркістанмен бірге көркейетін қала.Сондықтан әрбір атқарылған жұмыс сапалы және жүйелі түрде атқарылуы керек», –деді аймақ басшысы Ө. Шөкеев.




Соңғы жаңалықтар