Кентау қаласының тумасы, кәсіпкер, Ордабасы ауданындағы «Аделя» шаруа қожалығының төрағасы жерлестеріне қияр және қызанақ жөнелтіп, қолдау көрсетті. Осындай қиын сәтте жерлестеріне демеу болған Абдиашим Закирұлының 18 тонна тартуы мұқтаж кентаулық 5 500 тұрғынға үлестірілуде. Оның 4 650-і - мүгедектер мен жалғыз басты қарияларға, 750-і - атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға таратылуда.
Кәсіпкер алдағы уақытта тағы да көмек қолын созуды жоспарлап отыр.