Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Вконтакте» қолданушыларының бірінің парақшасында діни мазмұндағы тыйым салынған материалдарды тапқан.
«Нәтижесінде Кентау қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі «діни мазмұндағы материалдарды заңсыз тарату«бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 138 900 теңге айыппұл салынған» делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушылары арасынан әкімшілік заңнаманы бұзған 350-ден астам тұлғаны анықтаған.