Күні кеше қалада жарық сөніп, тұрғын үйлер мен ғимараттарға жарты сағаттай жылу беру тоқтатылған. Салдарынан құбырларға мұз қатып, баспаналар суып кетті. Ал, жекелеген үйлердің құбырлары шетінен жарылып, көшелер суға толды. Жергілікті халық құбырлардан аққан судан үйлердің аулалары толып, қабырғаларына атқылап жатыр деп дабыл қағуда.
«Құбырларды ауыстырғанына жақында, бір жиырма күндей болды. Жылу келмейді. Суды үйден ашатын болсақ, «фонтан» шығады. Үйдің енді қабырғалары жарылып жатыр. Сағат сегізден бері тиісті қызметке звондап жатырмын. Нөміріңізді жаздық дейді. Келмейді ешкім»,- де ді қала тұрғындарының бірі Илхам Икрамов.
Ал, мамандардың сөзінше қатты желден электр желілері үзіліп, оны қосу бірқатар қиындықтар туғызған. Қазір жылу беруді қалыпты жағдайға келтіріп жатырмыз деп түсіндіреді.
«Біз бірінші кезекте көпқабатты үйлерді, балабақша, мектептерді қамтимыз. Одан кейін барып жер үйлерге барамыз. Көрген жерлердің барлығын біздің балалар барып, ахауларды ретке келтіріп жатыр»,- дейді қаланың №5 жылу орталығының бас инженері Әшірхан Төлеу.