Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан марқұмның отбасына көңіл айтты.
«Мәжіліс депутаттарының және өз атымнан академик К.Ә. Сағадиевтің отбасына көңіл айтамын. Халықтың құрметіне бөленген біртуар тұлға - Кенжеғали Әбенұлы Тәуелсіз Қазақстанның, оның ішінде парламентаризмнің дамуына ерекше үлес қосты. Оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде сақталады» - деп жазды Мәжіліс Төрағасы Twitter парақшасына.
Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Кенжеғали Сағадиевтің еліміздің ғылым саласына елеулі үлес қосып, өзінің еңбек жолында бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар айқын із қалдырғанын атап өтті.