«Праймериз – Ел үшін де, «Nur Otan» партиясы үшін де жаңа бастама болды. Қуанарлығы сайлаушылар үлкен жауапкершілік танытуда. Праймериз сайтына көп адам кірген. Партия мүшелерінің тіркелу науқаны да өте белсенді жүргізілді. Праймеризге қатысып отырған кандидаттардың басым бөлігі осы қалаға танымал жандар. Яғни, белгілі кәсіпкерлер, білім, мәдениет және спорт саласында аянбай еңбек етіп жүрген адамдар. Бәрі де лайық. Праймериздің ең басты жетістігі – партияішілік іріктеуді өткізу және белсенді тұлғаларын анықтап алу»,– деді Кенжехан Матыжанов.
Кенжехан Матыжановтың айтуынша, праймеризге қатысушылардың мақсаты бір – халық үшін аянбай еңбек ету.
Еске салайық, Алматыда 4 мыңнан астам партия мүшесі дауыс берді.
Фото: aqmeshit-zhastary.kz