«Біз ресейлік әріптестерімізден Астана процесінің кепілгер елдері, нақты айтқанда РФ, Түркия және Иран Астана келісімінің сыртқы істер министрлерін жинағалы жатқаны туралы ақпарат алдық. Келісім Астана қаласында өткізілуі мүмкін»,-деді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Оның айтуынша, күн тәртібі мен өткізілетін мерзім қазір нақтылану үстінде. «Астана келісімінің келесі раунды жоғарыда атап өтілген сырты істер министрлерінің кездесуінен кейінгі уақытқа белгіленген. Кепілгер елдердің СІМ басшыларының кездесуі наурызда өтуі керек»,-деді министр.
Естеріңізе сала кетейік, осыған дейін Астанада өткен Сирия мәлесі бойынша келісімде, келесі жиынды ағымдағы жылдың ақпанына белгілеу туралы шешім қабылданған болатын.