«Кепканы қайдан алдың?»: Головкиннің бір топ жасөспірімді қуантқан сәті желіде тарады

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде әлемге танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бір топ баламен сөйлесіп тұрған сәтінің видеосы тарады. Боксшы балалардың бірінің басында GGG логотипі бар кепканы байқап, жымиып «Кепканы қайдан алдың?» деп сұрайды. 

Сол сәтте Геннадий Головкин көліктен түсіп, әлгі сұрақты әзілдей қайталап қояды. Видеодан балалардың нағыз Головкинді көріп, шын көңілмен таң қалып, қуанғандары байқалады. Кейін әйгілі спортшы балалармен естелік суретке түсті.

Әлемге әйгілі GGG — Геннадий Головкиннің лақап аты, оның толық аты-жөнінің алғашқы әріптерінен (Gennady Gennadyevich Golovkin) құралған. Ағылшын тілінде «Triple G» (үш G әрпі) деп айтылады. Бұл лақап аты бүгінде оның жеке брендіне айналған, яғни рингке осы атпен шығады.

Айта кетсек, GGG логотипі бар спорттық киімдерді жиі кездестіруге болады. Бұл белгі оның жекпе-жегінің жарнамасында және боксшымен байланысты өнімдерде қолданылады.

Еске салайық, жыл басында Геннадий Головкин елордада студенттермен кездескен еді.

Сондай-ақ Геннадий Головкин биыл сәуірде Қатар ұлттық олимпиада комитеті басшысымен кездесу өткізді