Астана әкімдігінің мәліметінше осыған дейін елорданың бірқатар көрнекті нысанында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылған болатын. Арнайы ақпараттық таблолар алып шолу дөңгелегіне және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына орналастырылды.
Сондай-ақ Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан 3D LED-экраннан да кері санақ көрсетіле бастады.
Экрандарда дауыс беруге дейін қалған күндер саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси оқиға еске салынады.
Айта кетелік Құрылтай сайлауы туралы барлық ақпарат бір сайтта: «Құрылтай LIVE» платформасы іске қосылды.