КЕРЕК КЕҢЕС: Шомылатын орындардан жұғатын ауру түрлері
Демалыс орындарына барғанда гигиеналық тазалық қаншалықты сақталатынына көз жеткізу қажет. Сонымен, шомылатын орындардан қандай ауру түрлерін жұқтыру қаупі бар.
- Жыныстық жолдар арқылы берілетін (ЗППП) ауруларды жұқтыру қаупі бар. Олар - уретрит, пиелонефрит, цистит т.б. аурулар болуы мүмкін.
- Дерматомикоз ауруын жұқтырып алуыңыз мүмкін.
- «А» гепатиті де көбіне шомылу орындарынан жұғады.
- Герпес - көздің шырышты қабығының ауруы да көпшілік шомылатын орындардан жұғады.
- Тұмау және ОРЗ аурулары жұғады.
- Лямблиоз - паразитті жұқпалы ауруының вирусы да су арқылы жылдам таралады.
- Түрлі тері ауруларын жұқтырып алуыңыз мүмкін.
Шомылатын орындардан ауру жұқтырмас үшін арнайы майларды пайдалану қажет. Сонымен қатар, судан шыққаннан кейін, ыстық душ қабылдап, тазаланып жуыну керек.
Ескерту: Денеде жарақат болған жағдайда шомылатын орындарға бармаған абзал. Ондай жағдайда жарақат асқынып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, мамандар 2 жасқа толмаған баланы бассейнге түсірмеуге кеңес береді. Себебі, хлорланған су сәбидің терісіне кері әсерін тигізіп, тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларына, демікпе дертіне шалдықтыруы мүмкін екен.