Жалпы, ұялы телефондар денсаулыққа зиянды. Ол туралы көптеген мақалалар жарыққа шықты. Соңғы уақытта ұялы телефон жарылып, адамдар күйіп қалып жатқаны туралы ақпараттар жиілегені жасырын емес. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға көбіне телефонның қызып кетеуі себеп болады екен.
«Смартфонның жарылуына басты себеп - телефон батареяларының Қытайда шығарылуы. Сапасыз телефон артық зарядталып тұрса, оның батареясы қызып, дұрыс істемейді. Мұндай жағдайлар жиі қайталанатын болса, телефон істен шығып, жарылады», - деді Қанағат Медетбек. «Сондай-ақ, ұялы, телефонда ең басты құрылғының бірі - «плата». Егер одан ақау шықса, телефон жарылу қаупі ұлғая түседі. Және ұялы телефон тоққа қосылып тұрғанда оны пайдаланбаған жөн», - дейді маман. Телефон жөндеу ісінің шебері смартфонды тоқта 4 сағаттан артық қуаттандырмау керектігін ескертеді.