Керекулік соғыс ардагері 100 жасқа толды

Фото: Баянауыл ауданының әкімдігі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, ел ардақтысы Қайыр Хасеновтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. Ақсақал балаларынан 13 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.

Қазіргі уақытта Баянауыл ауылында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қайыр Хасенов Қиыр Шығыстағы артиллерия полкының құрамында шайқасқан. Майдан жолын Украинадағы 312-ші полктің құрамында бастаған Қайыр ата Жеңіс парадынан кейін Маньчжурияны азат етуге қатысты.

Соғыстан кейінгі жылдары майдангер Павлодар облысының Максим-Горький (қазіргі Тереңкөл) ауданындағы Октябрь мектебінде ұстаздық қызмет етті. 1969 жылы аудандық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бірнеше рет аудандық атқару кеңесінің депутаты болып сайланды.

Батыр ақсақал тұтас ғасырды еңсеріп, зор құрмет пен мақтануға тұрарлық өнегелі өмір жолынан өтті. Соғыстағы ерліктері үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, маршал Жуков медалімен, сондай-ақ «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Еске сала кетейік, Екібастұзда мажарлық соғыс тұтқындарының зираты табылды.