«Жәнібек керемет ойын көрсетті, Уәлихановтың шеберлігі онша көрінбеді. Оның қарсыласының көрсеткіші керемет болған жоқ, дегенмен екеуі жақсы айқасты. Ол жеңілуді қаламайтын Техастың «тентек жігіті» болып шықты», - деп есептейді бокс туралы жазатын танымал америкалық автор.
ESPN тікелей эфирден көрсеткен бокс кеші аясындағы қазақстандықтардың айқасы Top Rank промоутерлік компаниясының қарамағындағы алғашқы жекпе-жек болды. Top Rank - Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты танымал боксшылардың мүддесін қорғайтын промоутерлік компания.