Керімбаева Мысырда ITF жарысы жұптық разрядының ақтық кезеңіне өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні қазақстандық теннисші Камила Керімбаева мысырлық Ола Зекрумен жұптасып Мысырда жүлде қоры 10 мың долларды құрайтын ITF жарысы жұптық разрядының ақтық кезеңіне өтті.

Жартылай финалда екінші нөмірмен шыққан Керімбаева/Зекру жұбы жапондық екі спортшы - Рио Китагава/Хайне Огатаны - 6:4, 6:7, 10:6 есебімен ұтты. Ақтық кезеңде қазақстандық-мысырлық жұп жарыстың бірінші дуэтінің арасындағы ойынның жеңімпаздары, неміс спортшылары Нора Нидмерс және Юлия Вашачук, және бәсекенің төртінші жұбы - Риа Бхатиа (Үндістан)/Бритт Гейкенспен (Бельгия) кездеседі.

ITF топтамасы жарысының әйелдер туры Халықаралық теннис қауымдастығының тікелей ұйытқы болуымен өтуде, деп жазады sports.kz.