Қазақстан құрамасы сапында Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа және Арман Ержанов өнер көрсетті.
Бастапқы екі кезеңде екі команда бір ұпайдан еншіледі. Алайда, қазақстандықтар үшінші кезеңде жақсы өнер көрсетіп, 3 ұпай алды.
Қырғызстан құрамасы есепті теңестіруге тырысқанымен, отандастарымыз қатарынан екі кезеңде ұпай еншілеп, қорытынды есепті 6:3-ке жеткізді.
Осылайша, ел құрамасы қазіргі уақытта екі рет жеңіліп, екі рет жеңіске жетті.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының алғашқы ойынында Қытайлық Тайбэйді 10:5 есебімен жеңді. Екінші матчта отандастарымыз 1:4 есебімен Филиппиннен жеңіліп қалды. Ал үшінші матында Азия құрлығының үздігі Оңтүстік Кореямен кездесіп, 2:12 есебімен жеңіліс тапты.
Керлингтен Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүзбай және спортшы Ермек Мұсаинов осыған дейін Kazinform тілшісіне эксклюзив сұхбат берді.