Милан қысқы Олимпиада ойындарына керлингтен жолдама алған алғашқы құрамалар белгілі болды

Фото: Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы Милан-Кортина қысқы Олимпиада ойындарының керлинг спортынан алғашқы жолдамалар үлестірді.

Халқаралық олимпиада комитетінің хабарлауынша, керлингтен әйелдер мен ерлер арасындағы, сонымен қатар аралас жұптық сында 2025 жылғы әлем чемпионатының аяқталуы және олимпиадалық іріктеу ұпайларының түпкілікті үлестірілуінен кейін жеті әйелдер командасы және жеті ерлер командасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Олимпиаданы қабылдаушы ел ретінде Италия құрамасы тікелей жолдамаға ие болды. Ал қалған екі жолдама иегері желтоқсан айында өтетін Олимпиадалық іріктеу турнирі арқылы анықталады.

Керлингтен 2026 қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған командалар:

Ерлер:
1. Италия (Қабылдаушы ел)
2. Канада
3. Чех Республикасы
4. Германия
5. Ұлыбритания
6. Норвегия
7. Швеция
8. Швейцария

Әйелдер:
1. Италия (Қабылдаушы ел)
2. Канада
3. Дания
4. Ұлыбритания
5. Қытай
6. Оңтүстік Корея
7. Швеция
8. Швейцария

Аралас жұп:
1. Италия (Қабылдаушы ел)
2. Канада
3. Эстония
4. Ұлыбритания
5. Норвегия
6. Швейцария
7. Швеция
8. АҚШ

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды.