АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри таяу сенбіде Ауғанстанда өтуі көзделген президенттік және муниципальдық сайлауға байланысты осылай мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Ол алдағы дауыс беруді «тарихи» деп атады.
Керридің сөзіне қарағанда, бұл сайлаулар Ауғанстанда биліктің тұңғыш рет демократиялық жолмен ауысуы бола алар еді. «Біздің бәріміз осыған қол жеткізілуіне мүдделіміз»,-деп атап өтті америкалық дипломат.