«Кешью» тобының жаңа құрамы таныстырылды
18:03, 07 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар «Кешью» тобының жаңа құрамы таныстырылды. Бұл туралы топтың продюсері Баян Мақсатқызы Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Белгілі продюсер «Лашын» тобының қыздары мен тағы бір әнші қыздың суретін жариялап, астына «Бұл КЕШYOU» деген жазба қалдырды.